ҚАРИЯЛАРМЕН БІРГЕ ӨТКЕН КҮН…✨

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    ҚАРИЯЛАРМЕН БІРГЕ ӨТКЕН КҮН…✨
    Қарттар күніне орай ауданымызда аға буынға құрмет көрсетіп, көңілдеріне қуаныш сыйлаған кездесулер жалғасуда. Алма-тау төріндегі тағылымды жүздесуден кейін бүгін осындай игі басқосу Бірінші Мамыр ауылдық округінде де ұйымдастырылды.
    Ауылдың ардақты қарияларына арнайы дастархан жайылып, ақжарма тілектер айтылды. Үлкендердің басын қосқан жүздесу өзара әңгіме мен сыйластыққа, көтеріңкі көңіл күйге ұласты.
    Басқосуға аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, аудан әкімі аппаратының басшысы Амалбек Өміртай, аудандық мәслихат депутаты Исағали Әшірбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітхан Ақтаев, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Әдбісаттар Әбдіхалықов қатысты.
    Кездесу барысында қарияларға гүл шоқтары мен арнайы сыйлықтар табысталып, мерекелік көңіл күй сыйланды.
    Сондай-ақ елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар ардагерлер аудандық мәслихаттың Құрмет грамотасымен және мәслихаттың Грамоталарымен марапатталды.
    Ақ дастархан басында өрбіген әңгіме мен айтылған ақ тілектер бұл күннің мәнін аша түсті. Үлкенге көрсетілген құрмет — олардың еңбегі мен өмір жолына деген шынайы алғыстың белгісі.
    ©️ Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары