Некеге дейінгі оқытуға қатысу үшін жұптар жиынтығын жариялаймыз!

    Некеге дейінгі оқытуға қатысу үшін жұптар жиынтығын жариялаймыз!

    💍 Отбасылық өмірге бірге дайындалайық!
    Саран қаласының «Отбасын қолдау орталығы» КММ некеге дейінгі оқытуға қатысуға ниетті жұптарды қабылдайды!
    Бағдарлама некеге тұруды жоспарлап отырған жұптарға, сондай-ақ некеде 5 жылға дейін тұрған жас отбасыларға арналған.
    Оқыту барысында қатысушыларға отбасы өміріне саналы түрде дайындалуға және өзара қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған 5 маңызды модуль ұсынылады:
    ⚖️ Құқықтық модуль — некеге қатысты құқықтар мен міндеттер;
    🧠 Психологиялық модуль — өзара түсіністік, сенім және тиімді қарым-қатынас;
    ❤️ Медициналық модуль — репродуктивтік денсаулық және отбасы денсаулығы;
    💰 Қаржылық сауаттылық — отбасылық бюджетті жоспарлау және қаржылық жауапкершілік;
    👨‍👩‍👧‍👦 Отбасылық құндылықтар мен жауапкершілік — берік әрі бақытты отбасының негіздері.
    ❤️ Бақытты отбасы — саналы таңдаудан, өзара құрметтен және бір-бірін түсінуден басталады!
    📢 Жұптарды оқуға қатысуға шақырамыз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" жаңалықтары