11 қараша күні Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен «QOLDAU» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Отбасын қолдау орталықтарының мамандарына арналған оқыту семинары өткізілді.
Семинар аясында қатысушылар бес бағыт бойынша білім алып, практикалық тапсырмаларды орындап, кәсіби тәжірибе алмасты.
Отбасыларға кешенді қолдау көрсету, отбасылық дағдарыстардың алдын алу, отбасылық құндылықтарды нығайту және Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









