Билбордқа бөлінген 649 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

    ·Жаңалықтар мұрағаты

    2004 жылдан бастап 2020 жылға дейін Алматы қаласының Әкімдігі жалпы пайдаланудағы жерлерді тізімнен заңсыз алып тастап, билбордтарды пайдалану және қызмет көрсету үшін жер учаскелерін сауда-саттықты өткізбей жеке меншікке берген.

    Жер учаскелері жер заңнамасының талаптарын бұза отырып сатылған.

    Сот, Алматы қаласы прокуратурасының ұсынуын орындау мақсатында енгізілген Алматы қаласы Жер ресурстарын басқару департаментінің талап-арызын қанағаттандырды.

    Жалпы алаңы 0,298 га жол бөлінген белдеуде жеке меншіктегі 649 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

    Алматы қаласының прокуратурасы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары