1930–1941 жылдар: бірыңғай жүйенің қалыптасуы

    1930–1941 жылдар: бірыңғай жүйенің қалыптасуы

    1930 жылдар Қазақстанның санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің ұйымдық тұрғыдан қалыптасуындағы маңызды кезең болды.
    1931 жылы Алматыда өткен Қазақстан санитариялық дәрігерлері мен эпидемиологтарының I съезінде Эпидемияға қарсы басқарманың құрамынан Мемлекеттік санитариялық инспекцияны бөліп шығару арқылы санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің жаңа құрылымы бекітілді.
    Сонымен қатар санитариялық бақылаудың бағыттары да кеңейе түсті. 1936 жылы гигиенаның жаңа бағыттары — өнеркәсіптік, тағам және коммуналдық-тұрмыстық гигиена қалыптаса бастады.
    Тағы бір маңызды оқиға — 1938 жылы Алматы, Орал, Шымкент, Петропавл және Семей қалаларында алғашқы санитариялық-эпидемиологиялық станциялардың құрылуы болды.
    Санитариялық-эпидемиологиялық станциялар мемлекеттік санитариялық инспекция мен зертханалық санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы біріктірген кешенді мекемелер болды.
    1941 жылға қарай Қазақстанда 38 санитариялық-эпидемиологиялық станция және 32 санитариялық-бактериологиялық зертхана жұмыс істеді. Қызмет құрамында дезинфекциялық, безгекке қарсы, бруцеллезге қарсы және басқа да мамандандырылған бөлімшелер де жұмыс істеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті" жаңалықтары