28 ҚЫРКҮЙЕК – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚҰТЫРМАҒА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ

    28 ҚЫРКҮЙЕК – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚҰТЫРМАҒА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ
    Құтырма - адамның және жануардың өлімге алып келетін аса қауіпті инфекциялық ауруы.
    Адам:
    - жануарлардың терісінен, сілемейлі қабығынан бөлінетін сілекей жұққан немесе жабайы және үй жануарлары (барлық жануарлар ауыруы мүмкін) (жабайы, иесіз және үй жыртқыштары), сондай-ақ жарғанаттар тістеген кезде жұқтыруы мүмкін.
    Құтырма ауруының белгілері:
    дене қызуының көтерілуі, шаршау, ұйқысыздық, алаңдаушылық, тістеген жердің (және ескі шырамның) ауыруы, шуды, жарықты жақтырмау, аяқ-қол бұлшықеттерінің тартылуы, судан қорқу, сандырақтау, қорқу сезімі, галюцинация, ауаның желпуінен қорқу, сілекейдің көп бөлінуі, тыныс алу бұлшықеттерінің нашарлауы және параличі.
    Негізгі алдын алу шаралары:
    - үй жануарларын құтырма ауруына қарсы егіңіз, жануардың әдеттен тыс мінез-күйі анықталған жағдайда ветеринариялық маманға хабарлаңыз;
    - жануар (көбінесе ит) тістеген жағдайда бірінші кезекте тістеген және сілекей жұққан жерді сабынмен көбірек көпіртіп мол сумен жуыңыз;
    - зардап шеккен адамды құтқарудың бірден бір жолы уақтылы екпе жасау болғандықтан, медициналық мекемеге дереу жүгініңіз.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті" жаңалықтары