Биологиялық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі семинар

    Биологиялық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі семинар

    Мәскеу қаласында биологиялық қауіпсіздікті нығайту мәселелеріне арналған семинар өтті. Оған Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстанның мемлекеттік органдары мен халықаралық ұйымдарының өкілдері қатысты.

    Семинар барысында биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын жетілдірудің заманауи тәсілдері, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, зертханалық инфрақұрылымды жетілдіру және биологиялық қауіп-қатерлерге дайындық деңгейін арттыру мәселелері талқыланды.

    Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі тәсілдерін, оның ішінде мемлекеттік бақылау, биологиялық тәуекелдерді мониторингтеу, зертханалық қызметтің қауіпсіздігі және ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелерін таныстырды.

    Биотехнологиялар, геномдық технологиялар және жасанды интеллектінің дамуымен байланысты жаңа сын-қатерлерге, сондай-ақ тәжірибе алмасу мен халықаралық өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше назар аударылды.

    Қазақстанның іс-шараға қатысуы елдің биологиялық қауіпсіздікті нығайту және халықаралық әріптестермен ынтымақтастықты дамыту бағытындағы жүйелі жұмысының көрінісі болып табылады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті" жаңалықтары