Қазақстан мен АҚШ ядролық және радиациялық төтенше жағдайларға ден қоюға дайындық мәселелерін талқылады

    Қазақстан мен АҚШ ядролық және радиациялық төтенше жағдайларға ден қоюға дайындық мәселелерін талқылады
    Астанада Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастық аясында өткізілген ядролық төтенше жағдайларға ден қою жөніндегі үш күндік семинар өз жұмысын аяқтады.
    Іс-шараға ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тартылған Қазақстанның мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ америкалық сарапшылар қатысты. Негізгі назар радиациялық авариялар кезіндегі ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіруге, жауапты құрылымдардың рөлдері мен міндеттерін нақтылауға және практикалық тәжірибе алмасуға аударылды.
    Семинардың жеке бір бөлігі радиациялық авария кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мәселелеріне арналды. Қатысушылар денсаулық сақтау жүйесінің дайындығын, жауапты мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын және халықты қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру мәселелерін қарастырды.
    Іс-шараның маңызды бөлігі авариялық жағдайлардың даму сценарийлері негізінде өткізілген практикалық талқылаулар болды. Қатысушылар сценарийдің жеті кезеңін дәйекті түрде қарастырып, әртүрлі құрылымдардың іс-қимылдарын талдады және төтенше жағдайлар кезінде ден қою тәсілдерін талқылады.
    Америкалық тарап атом электр станцияларының алаңдарында және одан тыс жерлерде кешенді оқу-жаттығулар өткізу тәсілдерін таныстырды. Сондай-ақ ядролық және радиациялық аварияларға дайындық, нормативтік талаптар және халықаралық ынтымақтастық, оның ішінде АҚШ-тың Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен (МАГАТЭ) өзара іс-қимылы мәселелері қаралды.
    Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар тәжірибе алмасып, ядролық және радиациялық төтенше жағдайларға дайындық пен ден қою жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі қадамдарды талқылады.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті" жаңалықтары