АЗАМАТТАРҒА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ

    АЗАМАТТАРҒА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ

    АЗАМАТТАРҒА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ

    Құлан ауылындағы орталық саябақта аудан әкімі Ернар Есіркепов аудан прокуроры Ильяс Прмаханұлымен бірге «Заң мен тәртіп» «Қоғаммен байланыс» жобасы аясында азаматтарға қоғамдық қабылдау өткізілді.

    Сонымен қатар, азаматтарды жеке сұрақтары бойынша басқа да құзырлы және құқық қорғау органдарының басшылары да қабылдап, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Қабылдау барысында аудан тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстары тыңдалып, көтерілген мәселелерді шешу бойынша тиісті шаралар қарастырылды.

    Мұндай қоғамдық қабылдаулар азаматтардың мәселелерін зерделеп, оларды заң талаптарына сәйкес шешуге бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Т. Рысқұлов ауданының әкімдігі" жаңалықтары