
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы
Аудан аумағында күзгі екі айлық санитарлық тазалық шаралары және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 200-ден астам адам қатысқан сенбіліктер ұйымдастырылып, нәтижесінде 30 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Сонымен қатар, Құлан қалашығының тарихи-мәдени ескерткіш аумағы мен ескі қоқыс полигонының маңында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, қалашық аумағындағы құлаған қоршаулар қалпына келтірілді.
Атқарылған жұмыстар – қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырудың, туған жерге деген жанашырлықты нығайтудың айқын көрінісі.
Алдағы уақытта да аудан аумағында абаттандыру және санитарлық тазалық бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады.








