Әділет кеңес береді

    26.08.2026 жылы Алматы облысының Әділет департаменті, Алматы облысы Алатау қаласының Отбасын қолдау орталығымен бірлесіп, мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету шеңберінде «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді.
    Іс-шараға адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары және заң кеңесшілері қатысты.
    Іс-шара барысында азаматтарға олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және іске асыруға қатысты мәселелер бойынша, оның ішінде атқарушылық іс жүргізу, нотариаттық қызмет, азаматтық-құқықтық қатынастар және өзге де құқықтық мәселелер бойынша тегін құқықтық консультациялар берілді.
    Мұндай іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының Әділет департаменті" жаңалықтары