138 млрд теңге инвестиция және 550 жұмыс орны: Қызылорда облысында тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды

    Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында құны 138 млрд теңге болатын ірі өнеркәсіп нысанының құрылысы басталуына орай капсула салу рәсімі өтті.

    Салтанатты шараға облыс прокуроры Ризабек Ожаров, өңір әкімі Мұрат Ергешбаев және «Liaoning Hongda Group» компаниясының бас директоры ТанЦзюганқатысты.

    Іс-шара барысында «Liaoning HongDa Group» компаниясының жаңа тау-кен байыту комбинаты құрылысының ресми басталғаны жарияланды.

    «Liaoning HongDa Group» – геологиялық барлау, пайдалы қазбаларды өндіру, кенді байыту, балқыту және қалдықтарды қайта өңдеу салаларында маманданған көпсалалы корпорация.

    Жобаға салынатын инвестиция көлемі 138 млрд теңгені құрайды. Нысан 2028 жылы пайдалануға беріледі. Тау-кен байыту комбинатында 550 жаңа тұрақты жұмыс орнын құру көзделген.

    Қазір кен орнының минералдық-шикізат базасын кеңейту мақсатындабұрғылау жұмыстары жүргізілуде.

    Осы кезеңде прокуратура тарапынан инвесторға техникалық шарттарды алуға жәрдем көрсетілді.

    Қызылорда облысының прокуратурасы кедергілерге тап болған инвесторларды 8-700-156-11-66, 27-77-47 телефондары немесе 115 Call-орталығы арқылы жедел түрде хабарласуға шақырады.

    Қызылорда облысының прокуратурасы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысының прокуратурасы" жаңалықтары