Шиелі ауданының прокуратурасымен кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу фактісі анықталды.
Атап айтқанда, Шиелі аудандықсанитариялық-эпидемиологиялықбақылау басқармасының қызметкерлері заңнама талаптарын бұза отырып, екі кәсіпкерге қатысты мемлекеттік бақылау және қадағалау іс-шараларын жүргізген.
Аталған кәсіпкерлер кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген күннен бастап 3 жыл мерзім өтпегеніне қарамастан, оларға анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар шығарылған.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде заңсыз шығарылған екіұсынымның күші жойылды.
Жол берілген заң бұзушылықтар үшінмекемебасшысыӘкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 173-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласуына жол бермеу мәселелері прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.



