Тайынша ауданында медициналық инфрақұрылым жаңғыртылуда

    Тайынша ауданында медициналық инфрақұрылым жаңғыртылуда

    Облыс әкімі жұмыс сапарымен Тайынша ауданына барды. Аудандық көпбейінді аурухана ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту бағдарламасына енгізілген еліміздегі 32 медициналық ұйымның қатарына енді. Биыл ауруханада күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл мақсатқа қайтарылған активтер есебінен 1,1 млрд теңге бағытталды.

    Медициналық мекеменің материалдық-техникалық базасы да айтарлықтай жаңартылды. Жалпы құны 1,6 млрд теңгеге ангиографиялық жүйе, магниттік-резонанстық томограф, ультрадыбыстық зерттеу аппараттары және басқа да заманауи медициналық жабдықтар сатып алынды. Жаңа құрал-жабдықтар диагностиканың мүмкіндігін кеңейтіп, аудан тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

    Ауыл медицинасының дамуына жергілікті бизнес өкілдері де қолдау көрсетіп отыр. Аграрийлер мен кәсіпкерлердің қатысуымен 18 ауылдық округ тұрғындарына қызмет көрсету үшін медициналық ұйымдарға 12 арнайы автокөлік табысталды.

    Тайынша ауданы мұндай бастама жүзеге асқан Солтүстік Қазақстан облысындағы екінші аудан болды. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ауыл медицинасының әлеуетін арттыруға және ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға үлес қосқан кәсіпкерлерге алғысын білдірді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары