
Қызылорда облысының Шиелі ауданында агроөнеркәсіпсекторындағы жобалар белсенді жүзеге асырылып жатыр.Invest Caravan акциясы аясында облыспрокурорыРизабекОжаров екі инвестициялық нысанға барып, суүнемдеутехнологияларын қолдана отырып жүгері өсіру жобаларыныңіске асырылу барысымен танысты.
Жұмыс сапары барысындапрокурор «ТаңLTD» ЖШСжәне«Центр Семеноводства» ЖШСкәсіпорындарында болды.Әржобаға салынатынинвестициякөлемі 4 млрдтеңгені құрайды.
Қазір жобалар практикалық кезеңде іске асырылып жатыр.Биылинвесторлар шамамен 2мыңгектаржерге жүгері егіп,100-гежуық жұмыс орнын ашқан.
Шиелі ауданы үшін мұндай өндірістерді дамыту ерекше маңызды.Заманауи технологияларды пайдалану ауыл шаруашылығыөндірісінің көлемін арттыруға жәнесуресурстарын тиімдіпайдалануға мүмкіндік береді.
Сапар барысындасуресурстарын тиімді пайдалану,заманауиагротехнологияларды енгізу және инвестициялық жобаларды іскеасыру мерзімдерін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
«Инвестициялық жобалардың тек қағаз жүзінде қалып қоймауымаңызды.Біздің міндетіміз–олардың нақты қалай жүзегеасырылып жатқанын көру,туындаған мәселелердідеркезіндеанықтау және мемлекеттік органдармен бірлесіп шешімінтабу», –деді облыспрокуроры.
Сонымен қатар инвесторлармен мемлекеттік қолдау шаралары,бизнесті жүргізу жағдайлары,инвесторлардың құқығын қорғаутетіктері және ықтимал әкімшілік кедергілер талқыланды.
Жобаларды толық іске асыруды 2027–2028жылдары аяқтаужоспарланған.
«Invest Caravan»аясындағы мұндай сапарлар инвестициялықжобалардың нақты іске асырылу барысын бағалап қана қоймай,инвесторлармен туындаған мәселелерді тікелей талқылауға,жобалардың мерзімін созуға жол бермеуге және кедергілерді солжерде жоюға мүмкіндік береді.
Өңірде инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жәнеинвесторлардың құқығын қорғау бойынша жұмыстар жалғасады.
Қызылорда облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге немесе құқық бұзушылықтарға тап болған инвесторларды дереу 8-700-156-11-66, 27-77-47 немесе Call-орталық 115 телефонына хабарласуға шақырады.
Қызылорда облысының прокуратурасы




