Қызылорда облысында құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жаңа форматтар мен тәсілдер қолданылуда

    Облыс прокуратурасының ұйымдастыруымен «Қайсар - Оқжетпес» футбол клубтары арасындағы матч барысында азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған акция ұйымдастырылды.

    Халықтың көп шоғырлануын ескере отырып, спорттық шара профилактикалық жұмысты жүргізудің тиімді алаңы ретінде пайдаланылды.

    ​ Матч барысындаарнайы әлеуметтік бейнеролик көрсетілді және жанкүйерлерге бала тәрбиесіндегі ата–ананың рөлі, құқыққа қайшы мінез–құлыққа жол бермеу, табиғатқа ұқыпты қараутақырыптарындағы ақпараттық жадынамалар таратылды.

    Облыс прокуратурасы «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту, сондай-ақ жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялықакциясы аясындағы міндеттерді іске асыру бағытындағыжұмыстыжүйелітүрдежалғастыратын болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысының прокуратурасы" жаңалықтары