Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы Омарғали Байғабыловтың төрағалығымен сегізінші шақырылған Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы Омарғали Байғабыловтың төрағалығымен сегізінші шақырылған Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.

    Сессия жұмысына Наталья Турлубекова – «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы және Татьяна Мирнова– «Қостанай қаласы әкімдігінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі инспектор-жауапты хатшысының міндетін атқарушы қатысты.

    Күн тәртібінде тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында алдын ала қаралған үш мәселе бекітілді.

    Бірінші мәселе бойынша кадрлық өзгерістерге байланысты Қостанай қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамына өзгерістер енгізілді.

    Екінші мәселе бойынша «Қостанай қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) енгізілген өзгерістерге байланысты жаңа редакцияда бекітілді.

    Атап айтқанда, Заңға «25-1. Мәслихат аппараты басшысының құзыреті» деген жаңа бап қосылып, онда мәслихат аппараты басшысының функциялары кеңейтілді.

    Үшінші мәселе бойынша мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік сатып алулары бойынша қалыптасқан үнемдеуге, сондай-ақ шығыстарды оңтайландыруға байланысты Қостанай қаласының бюджеті нақтыланды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары