Бүгін, 2026 жылғы 28 қыркүйекте Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы Омарғали Байғабыловтың төрағалығымен сегізінші шақырылған Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Бүгін, 2026 жылғы 28 қыркүйекте Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы Омарғали Байғабыловтың төрағалығымен сегізінші шақырылған Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.

    Күн тәртібінде тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында алдын ала қаралған екі мәселе бекітілді.

    Бірінші мәселе бойынша 5 адамнан кеткендердің орнына учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері сайланды.

    Екінші мәселе бойынша Қостанай қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 80 "Қостанай қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы"шешіміне өзгерістер енгізілді.

    Атап айтқанда, "кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 16 наурыздағы № 99 бұйрығына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 256-VIII ҚРЗ Заңының 76-бабының 1) тармақшасына сәйкес цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша " 1-қосымшаның 1, 4, 6, 7-тармақтары жаңа редакцияда жазылды.

    Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің талабы бойынша шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары