Қарағандыда балаларға арналған заманауи шахмат кабинеті ашылды

    Қарағандыда балаларға арналған заманауи шахмат кабинеті ашылды

    Алғашқы жүріс, шах және мат — Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы №12 мектептің бастауыш сынып оқушылары енді шахмат ойнайтын арнайы кабинетте білім алады. Мұнда олар шахматтың қыр-сырын меңгеріп қана қоймай, логикалық ойлауын, зейінін және талдау қабілетін жетілдіріп, өз бетінше шешім қабылдауға үйренеді.

    Қарағандыда балаларға арналған заманауи шахмат кабинеті ашылды

    Жаңа кабинет шахмат тақталары мен тастары, оқу құралдары және жұмыс дәптерлерімен толық жабдықталған.

    Қарағандыда балаларға арналған заманауи шахмат кабинеті ашылды

    Мектепке жасалған ерекше тарту — Қазақстан чемпиондарының қолтаңбасы қойылған шахмат тақтасы. Оны мектепке Қазақстан шахмат федерациясы сыйға тартты.

    Қарағандыда балаларға арналған заманауи шахмат кабинеті ашылды

    Шахмат кабинеті «Білім берудегі шахмат» бағдарламасы аясында ашылды. Қазақстанда бұл жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2023 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Бүгінде бағдарлама Қарағанды облысының 130 мектебінде енгізілген. Ал жаңа оқу жылында оған тағы 42 мектеп қосылды.

    Қарағандыда балаларға арналған заманауи шахмат кабинеті ашылды

    — «Шахмат негіздері» вариативті сағаттарының мақсаты — кәсіби спортшыларды даярлау емес. Ең бастысы — баланың ойлау қабілетін, логикасын, талдау дағдысын және өз бетінше шешім қабылдау машығын қалыптастыру. Қазір гаджеттер мен технологиялар күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналған заманда баланы өздігінен ойлануға үйретудің маңызы бұрынғыдан да арта түсті, - деді Қазақстан шахмат федерациясының өкілі Динара Оспанова.

    Қарағандыда балаларға арналған заманауи шахмат кабинеті ашылды

    Шахмат сабағы мектептің оқу жоспарына енгізіліп, аптасына бір рет өткізіледі. Оқушылармен арнайы даярлықтан өткен бастауыш сынып мұғалімдері жұмыс істейді.

    Қарағандыда балаларға арналған заманауи шахмат кабинеті ашылды

    №12 мектеп үшін бұл — бағдарламаға қатысудың екінші жылы. Осы уақыт аралығында оқушылар семинарлар мен конференцияларға, сондай-ақ шахмат турнирлеріне белсенді қатысып, бірнеше рет жүлделі орындардан көрінді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Шет ауданы Ортау ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары