Қарағанды облысының ауылдарында жаңа өрт сөндіру бекеттері ашылып жатыр

    арағанды облысының шалғай ауылдарында өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің саны артып келеді. Бұл өрт оқиғалары мен басқа да төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге, сондай-ақ тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Қарағанды облысының ауылдарында жаңа өрт сөндіру бекеттері ашылып жатыр

    Жақында Қарқаралы ауданында екі жаңа өртке қарсы ерікті құрылым ашылды. Бұдан бөлек, тағы бірнеше елді мекенде осындай нысандардың құрылысы жүргізіліп жатыр.

    Қарағанды облысының ауылдарында жаңа өрт сөндіру бекеттері ашылып жатыр

    Жаңа бекеттердің бірі Жаңатоған ауылында жұмысын бастады. Ол 600-ден астам тұрғыны бар екі елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бөлімше өрт сөндіру көлігімен, байланыс құралдарымен, қажетті жабдықтармен және арнайы киіммен қамтамасыз етілген. Мұнда қызметкерлердің тәулік бойы кезекшілік атқаруына барлық жағдай жасалған.

    Қарағанды облысының ауылдарында жаңа өрт сөндіру бекеттері ашылып жатыр

    Тағы бір өрт сөндіру бекеті Қарағайлы кентінде ашылды. Оның қызмет көрсету аумағында төрт мыңнан астам тұрғын бар.

    Қарағанды облысының ауылдарында жаңа өрт сөндіру бекеттері ашылып жатыр

    Ғимаратта өрт сөндіру техникасына арналған гараж, диспетчерлік бөлме, демалыс бөлмесі, асүй және жуыну бөлмесі бар санитарлық торап қарастырылған. Ішкі температураны қалыпты деңгейде ұстау үшін электр жылыту жүйесі орнатылған.

    Қарағанды облысының ауылдарында жаңа өрт сөндіру бекеттері ашылып жатыр

    Бекеттер «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында ашылды.

    Қарағанды облысының ауылдарында жаңа өрт сөндіру бекеттері ашылып жатыр

    Өңірдің өзге аудандарында да өртке қарсы инфрақұрылымды нығайту жұмыстары жалғасып жатыр. Шет ауданындағы Мойынты кентінде, Абай ауданындағы Ақбастау ауылында, Ақтоғай ауданындағы Жалаңаш ауылы мен Сарышаған кентінде, сондай-ақ Бұқар жырау ауданындағы Белағаш, Тоғызқұдық және Ақтөбе ауылдарында жаңа өрт сөндіру бекеттері салынып жатыр.

    Сонымен қатар Абай ауданының Юбилейное ауылында шаруа қожалығының базасында өрт сөндіру бекетін ашу жоспарланған. Ал Белагаш кентінде өрт сөндіру алаңының құрылысы басталып кетті.

    Қарағанды облысының ауылдарында жаңа өрт сөндіру бекеттері ашылып жатыр

    Мұндай бөлімшелердің ауыл тұрғындары, әсіресе аудан орталықтарынан шалғай орналасқан елді мекендерде тұратын халық үшін маңызы зор.

    Қарағанды облысының ауылдарында жаңа өрт сөндіру бекеттері ашылып жатыр

    Ауылда жеке өрт сөндіру бекетінің болуы құтқарушылардың оқиға орнына жету уақытын қысқартып, өртті дер кезінде ауыздықтауға және оның тұрғын үйлер мен басқа да нысандарға таралуына жол бермеуге мүмкіндік береді.

    Қарағанды облысының ауылдарында жаңа өрт сөндіру бекеттері ашылып жатыр

    Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Шет ауданы Ортау ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары