ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ПОРТАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ
Әлеуметтік қызметтер порталы – мүгедектігі бар адамдарға мемлекет кепілдік берген әлеуметтік қызметтер мен оңалту құралдарын алуға мүмкіндік беретін электрондық ақпараттық жүйе.
Порталдың негізгі мақсаты – әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, қызмет алушыларға қажетті тауарлар мен қызметтерді өз бетінше таңдауға мүмкіндік беру, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларының ашықтығын қамтамасыз ету.
Портал арқылы қандай қызметтер көрсетіледі?
-Протездік-ортопедиялық көмек құралдарымен қамтамасыз ету;
- Сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету;
- Арнаулы жүріп-тұру құралдарын алу;
- Санаторийлік-курорттық емдеу қызметтерін таңдау;
- Жеке көмекшінің қызметін алу;
- Ымдау тілі маманының қызметін алу.
Портал қалай жұмыс істейді?
Мүгедектігі бар адамға медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы негізінде жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасы әзірленеді.
Азамат тиісті мемлекеттік қолдау шарасын алуға өтініш береді.
Құқығы расталғаннан кейін азаматқа портал арқылы қажетті тауарды немесе қызметті таңдау мүмкіндігі беріледі.
Қызмет алушы порталдағы өнім берушілердің ұсыныстарымен танысып, өзіне қолайлысын таңдайды.
Таңдалған тауар немесе қызмет белгіленген тәртіппен ұсынылады.
Порталдың артықшылықтары
Портал қызмет алушыларға өнім берушіні өз бетінше таңдауға, ұсынылатын тауарлар мен қызметтер туралы ақпарат алуға және тапсырыстың орындалу барысын бақылауға мүмкіндік береді.
Порталдың ресми сайты : aleumet.egov.kz
Көмек алу және кеңес беру
Порталды пайдалану кезінде қиындықтар туындаған жағдайда азаматтар тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне немесе 1411 бірыңғай байланыс орталығына хабарласа алады.
Әлеуметтік қызметтер порталы – мүгедектігі бар адамдардың қажетті қызметтерді алуын жеңілдетуге және олардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды цифрлық құрал.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









