ШЫМКЕНТТІҢ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ БРИГАДАСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТТА І ОРЫН АЛДЫ

    ШЫМКЕНТТІҢ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ БРИГАДАСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТТА І ОРЫН АЛДЫ

    Шымкент қаласының жедел медициналық жәрдем бригадасы Таразда өткен республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында І орынға ие болды.

    Жарысқа Қазақстанның барлық өңірлерінен келген жедел медициналық жәрдем бригадалары, сондай-ақ Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа мемлекеттердің өкілдері қатысты. Байқауға 165–180 адам жиналды.

    Чемпионаттың мақсаты – жедел медициналық жәрдем қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру, төтенше жағдайларда медициналық көмек көрсету дағдыларын жетілдіру, командалық жұмысты дамыту және халықаралық тәжірибе алмасу.

    Іс-шара бағдарламасына халықаралық сарапшылардың қатысуымен шеберлік сабақтары, тәжірибе алмасу кездесулері және жедел медициналық көмекті жетілдіруге арналған ғылыми-практикалық іс-шаралар енгізілді.

    Шымкент бригадасының жеңісі мамандардың кәсіби дайындығы мен командалық үйлесімділігін көрсетті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының әкімдігі" жаңалықтары