1 / 8
27 қараша күні Shymkent Plaza сауда-сауық орталығында қала әкімінің тапсырмасымен ұйымдастырылған «Халық заңгері» акциясы өтті. Акция аясында 150-ге жуқ тұрғын тегін заңгерлік кеңес алып, өздерінің сұрақтарына жауап алды.
Іс-шараға қалалық әкімдіктің, аумақтық және құқық қорғау органдарының, прокуратура, тергеу органдарының, сот орындаушылары мен адвокатура, нотариат өкілдері, сондай-ақ, «Отбасы банкі» АҚ өкілдері қатысты.
Акцияға қатысушылар салалық мамандарға тікелей жүгініп, заң бойынша сұрақтарына жауап алды, өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың қолжетімді әдістері туралы ақпаратқа қанықты.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








