НАУҚАСҚА 7 ЖЫЛ БҰРЫН ОРНАТЫЛЫП, КЕРІ ӘСЕР ЕТЕ БАСТАҒАН ТЕМІРЛЕР АЛЫНЫП ТАСТАЛДЫ

    1 / 2

    Шымкент қалалық №1 клиникалық аурухананың дәрігерлері науқастың аяғына 7 жыл бұрын орнатылған металл конструкцияны алып тастау бойынша күрделі ота жасады.

    Уақыт өте келе сүйекке бекітілген бұл темірлер бастапқы орнынан ығысып, кейбірі сүйек тініне кіріп кеткен. Ал жекелеген темірлер теріні тесіп шығуға жақындаған.

    Соның салдарынан буын қозғалысы шектеліп, аяқ-қолдың қалыпты қызметіне кері әсер еткен. Ұзақ уақыт қозғалыстың шектелуі буында дегенеративті өзгерістердің, соның ішінде артроздың дамуына әкеледі.

    Тексерудің нәтижелеріне сәйкес, дәрігерлер хирургиялық ем жүргізу туралы шешім қабылдады. Ота барысында бұрын орнатылған темірлер мен ығысқан металдар сәтті алынып тасталды.

    Дәрігерлердің айтуынша, мұндай жағдайларда темірдің ығысуы сүйек пен жұмсақ тіндерді зақымдап қана қоймай, буын қызметінің бұзылуына және қосымша асқынуларға себеп болуы мүмкін.

    Қазіргі уақытта науқастың жағдайы дәрігерлердің бақылауында.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының әкімдігі" жаңалықтары