«Елге қызмет» бағдарламасындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері

    «Елге қызмет» бағдарламасындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері

    Батыс Қазақстан облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары «AQJAIYQ» телеарнасының «Елге қызмет» бағдарламасының тікелей эфирінде сұхбат берді.

    Эфир барысында автогаз құю станцияларында (АҒҚС) тұрмыстық газ баллондарын толтыруға қатысты өзекті мәселелер қозғалды. Мұндай ереже бұзушылықтар бұған дейін еліміздің бірқатар өңірінде орын алған төтенше жағдайларға себеп болған еді. Сондай-ақ телекөрермендерге өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мерзімдері түсіндірілді.

    Кездесуді қорытындылай келе, спикер газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау — азаматтардың өмірі мен мүлкін аман сақтаудың кепілі екенін атап өтті. Бұған қоса, аталған салада мемлекеттік қызметтерді алу процедуралары мерзімдері мен тәртібі бойынша қатаң регламенттелгені айтылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" жаңалықтары