Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 44 сессиясын шақыру туралы

    ·Жаңалықтар мұрағаты

    Казталов аудандық мәслихаты төрағасының

    ШЕШІМІ

    Казталов ауылы № 43 28 тамыз 2026 жыл

    Аудандық мәслихаттың кезектен тыс

    44 сессиясын шақыру туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:

    Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 44 сессиясы 2026 жылдың 2 қыркүйек күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында сағат 1000 – ге шақырылсын.

    Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселелер ұсынылсын:

    1. «Казталов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы Казталов және Жалпақтал ауылдық округтерінің аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды уақытылы және сапалы шығаруды қамтамасыз ету мақсатында КАМАЗ 65115-3081-50 маркалы (мусоровоз) арнайы автокөлікті лизинг тәсілімен аудандық бюджет қаражаты есебінен сатып алу туралы.
    2. Басқа да мәселелер.

    Мәслихат төрағасы С. Мулдашев

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары