Аудандық мәслихаттың кезекті 45 сессиясын шақыру туралы

    ·Жаңалықтар мұрағаты

    Казталов аудандық мәслихат төрағасының

    ШЕШІМІ

    Казталов ауылы №44 18 қыркүйек 2026 жыл

    Аудандық мәслихаттың кезекті

    45 сессиясын шақыру туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:

    Аудандық мәслихаттың кезекті 45 сессиясы 2026 жылдың 30 қыркүйек күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында сағат 1000– ге шақырылсын.

    Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселелер ұсынылсын:

    1. Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы аудандық мәслихат депутаттарына есебі.
    2. Ауданда «Қауіпсіз өңір» жобасының орындалу барысы туралы.
    3. Басқа да мәселелер.

    Мәслихат төрағасы С. Мулдашев

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары