ЖОБА
Казталов аудандық мәслихаты төрағасының
ШЕШІМІ
Казталов ауылы № 41 31 шілде 2026 жыл
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс
42 сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 42 сессиясы 2026 жылдың 6 тамыз күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында сағат 10 00– ге шақырылсын.
Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселелер ұсынылсын:
- Казталов аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36-1 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Казталов аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №37-17 «2026-2030 жылдарға арналған Казталов ауданының даму жоспары туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Казталов аудандық мәслихат депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
- Басқа да мәселелер.
Мәслихат төрағасы С. Мулдашев




