Павлодарда жедел уәкілдер 25 млн. теңге ұрлығын ашты

    Полицияға Павлодар қаласындағы ЖШС бірінен ақша қаражатының ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Келтірілген шығын көлемі шамамен 25 млн теңгені құрады.
    Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жедел уәкілдер кәсіпорынның күзетшісі болған күдіктіні анықтады.
    Полицейлер бау-бақша серіктестіктерінің біріндегі саяжай учаскесінде тінту жүргізу барысында 24 млн теңге көлеміндегі ақша қаражатын тапты. Ақша алма ағашының түбіндегі кастрөлдің ішіне жасырылған.
    - Күдікті ұсталып, Павлодар қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тәркіленген ақша қаражаты қылмыстық іс материалдарына заттай дәлелдеме ретінде тіркелді, — деп хабарлады Павлодар қаласы ПБ полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.
    Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Полиция департаменті" жаңалықтары