Әкімдіктің кіші залында аудан әкімі К.Әлімжановтың жергілікті қоғамдастық өкілдерімен — кәсіпкерлермен, депутаттармен, ҮЕҰ өкілдерімен, қоғамдық белсенділермен және мемлекеттік құрылымдардың басшыларымен кездесуі өтті.
Кездесудің басты тақырыптарының бірі- қалалық ортаны дамыту болды. Абаттандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы қала әкімі Б.Кузенов хабарлады. Қатысушылар аумақтарды санитарлық тазарту, көгалдандыру, ғимараттардың қасбеттерін күтіп ұстау және жаңарту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, абаттандыру бойынша конкурс өткізу туралы ақпарат ұсынылды. "Жер қатынастары және қала құрылысы бөлімі" ММ басшысының орынбасары М.Жанабаев қаланы дамытудың кешенді жоспары туралы ақпарат берді. Сөз сөйлеу барысында қалалық аумақты одан әрі дамытудың негізгі бағыттары, қала құрылысын жоспарлау және жайлы қалалық ортаны қалыптастыру мәселелері белгіленді.
Атбасардың даму перспективаларына ерекше назар аударылды. Қала халықтың қажеттіліктерін зерделеу бойынша пилоттық жобаға қатысады. Зерттеу қорытындысы бойынша қаланың даму бағдарламасы мен мастер-жоспарын әзірлеу жоспарлануда.
Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар спорттық инфрақұрылымды дамыту, көлік қатынасы, көгалдандыру, қаланың санитарлық жағдайы, қалдықтармен жұмыс істеу және қараусыз қалған жануарларды ұстау мәселелерін талқылады.
Кездесу ашық және сындарлы диалог форматында өтті. Қатысушылар Атбасар қаласының одан әрі дамуы- биліктің, бизнестің және тұрғындардың бірлескен күш-жігерін талап ететінін, яғни, жергілікті қоғамдастықтың бастамалары мен ұсыныстарын біріктіру арқылы ғана жайлы, абаттандырылған және заманауи қала құруға болатынынаназар аударылды.
Жергілікті қоғамдастықпен кездесу
Ұқсас материалдар

Астанаға үш облыстан 400 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілді
Астана қаласының әкімдігіАшу
Астанада Журналистер аллеясындағы мүсінді бүлдірген жастар ұсталды
Астана қаласының әкімдігіАшу
Облыстың мектепке дейінгі ұйымдары педагогтерінің V слёті
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасыАшу
Елордаға 180 тонна өнім жеткізілді
Алматы облысының әкімдігіАшу
Ауданды аралау қорытындысы бойынша абаттандыру талаптарын бұзғаны үшін тиісті шаралар қабылданды
Наурызбай ауданы әкім аппаратыАшу
"Атбасар ауданының әкімдігі" жаңалықтары
Атбасар қаласында абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жалғасуда.
Атбасар ауданының әкімдігіАшуАтбасар қаласында жаңа теміржол вокзалы ашылды.
Атбасар ауданының әкімдігіАшуҚұрметті Атбасар ауданының тұрғындары!
Атбасар ауданының әкімдігіАшуАудан әкімінің санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері күніне орай құттықтауы
Атбасар ауданының әкімдігіАшуСоциальный хлеб по доступной цене
Атбасар ауданының әкімдігіАшу