29 тамызда Бескөл ауылында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

    29 тамызда Бескөл ауылында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

    Құрметті Қызылжар ауданының тұрғындары мен қонақтары! 2026 жылғы 29 тамызда сағат 09:00 Бескөл ауылының орталық алаңында ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде жергілікті өндірушілер өнімдерінің кең ассортименті ұсынылады:

    • жұмыртқа;
    • сүт және ет өнімдері;
    • көкөністер мен картоп;
    • басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері.

    Сондай-ақ, шөп, астық қалдықтары және басқа да азық түрлерін жергілікті өндірушілерден сатып алуға болатын азық жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

    Сонымен қатар, отын да сатылады.

    Ауданның барлық тұрғындарын жәрмеңкеге белсене қатысып, жергілікті өндірушілердің сапалы өнімдерін қолжетімді бағамен сатып алуға шақырамыз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылжар ауданының әкімдігі" жаңалықтары