1 / 4
2026 жылғы 19 қарашада аудан әкімі Бейбіт Исмановтың төрағалығымен әкім орынбасарларының, бөлімдер мен ұйым басшыларының қатысуымен әкімдік отырысы өтті.
Отырыс барысында келесі өзекті мәселелер қаралды:
- 2026 жылғы қаңтар-қазан айларындағы Қызылжар ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы;
- 2026 жылғы қаңтар-қазан айларындағы жергілікті бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерінің орындалу барысы туралы;
- «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру туралы;
- Қызылжар ауданының мемлекеттік мекемелеріндегі атқарушылық тәртіп туралы.
Отырыс қорытындысы бойынша аудан әкімі жауапты басшыларға бірқатар тапсырмалар беріп, олардың орындалу мерзімдерін нақтылады. Сондай-ақ атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









