Солтүстік Қазақстанның жас спортшысы гір спортынан абсолютті әлем чемпионы атанды

    1 / 2

    Жас спортшы Анастасия Беседина гір спортынан әйелдер арасындағы кәсіпқойлар санатында абсолютті әлем чемпионы атанды. Халықаралық жарыс Латвияның Рига қаласында өтті.

    Қызылжар ауданына қарасты Новоникольское ауылының 15 жастағы тұрғыны 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жарыстың үздік нәтижесін көрсетті. Қос қолмен 24 келілік екі кіртасты серпе көтеру жаттығуында Анастасия 78 рет көтеріп, алтын медаль иеленді.

    Жас спортшы гір спортымен екінші сыныптан бастап айналыса бастаған. Бұл спорт түріне қызығушылығы әпкесі, спорт шебері Валентина Бесединаға еліктеуден туындаған. Әпкесі де гір спортын серік еткен.

    Жаттығуды бастағанына небәрі бір жарым жыл өткенде Анастасия өз жас санатындағы үздік спортшылардың қатарына қосылды. Ал бүгінде 15 жасында әйелдер арасындағы кәсіпқойлар санатында әлем чемпионы атанып, үлкен жетістікке қол жеткізді.

    Жас спортшының бұл жеңісі – оның жеке жетістігі ғана емес, сонымен қатар бүкіл Солтүстік Қазақстан өңірі үшін зор мақтаныш.

    Анастасияға алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жеңістерге жете беруіне және халықаралық аренада Қазақстанның абыройын асқақтата беруіне тілектеспіз! Деніне саулық, бойына күш-қуат, өзіне деген сенімділік және толағай табыстар тілейміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қызылжар ауданының әкімдігі" жаңалықтары