Қатысуға шақырамыз

    Қызылжар ауданындағы STARTUP QYZYLJAR стартап-жобалар байқауы туралы

    Ұйымдастырушы:«Болашақ» корпоративтік қоры (СҚО бойынша), Қызылжар ауданы әкімдігінің «Ішкі саясат бөлімі» КММ тапсырысы бойынша.

    Жалпы ережелер

    «STARTUP QYZYLJAR» стартап-жобалар байқауы Қызылжар ауданында аудан тұрғындарына пайдалы жаңа кәсіпкерлік және әлеуметтік идеяларды қолдау мақсатында өткізіледі.

    Қатысушылар

    Байқауға Қызылжар ауданының тұрғындары жеке немесе команда құрамында қатыса алады. Әзірлену кезеңіндегі идеялар мен іске асырудың бастапқы сатысындағы жобалар қабылданады.

    Әрбір қатысушы немесе команда бір жобадан ұсына алады.

    Қатысу тәртібі

    Байқауға қатысу үшін еркін нысанда өтінім жолдау қажет. Өтінімде автордың Т.А.Ә. немесе команда атауы, елді мекен атауы, байланыс телефоны және жобаның атауы көрсетілуі тиіс.

    Өтінімге көлемі 3 беттен аспайтын жоба сипаттамасы қоса беріледі. Онда: жоба қандай мәселені шешетіні, кімдерге арналғаны,қалай жүзеге асырылатыны, қандай ресурстар мен шамамен қанша қаражат қажет екені көрсетілуі тиіс.

    Презентация, фотосуреттер және басқа да қосымша материалдар қатысушының қалауы бойынша ұсынылады.

    Материалдар қазақ немесе орыс тілдерінде қабылданады.

    Қазылар алқасы жобаларды ұсынылған материалдар негізінде бағалайды. Жобаны міндетті түрде офлайн форматта қорғау талап етілмейді.

    Өткізу мерзімі және байланыс деректері

    Өтінімдерді қабылдау мерзімі:2026 жылғы 5 желтоқсанды қоса алғанға дейін.

    Байқау қорытындысын шығару:2026 жылғы 11 желтоқсан.

    Өтінімдерді қабылдайтын электрондық пошта:
    [email protected]

    Жауапты тұлға және байланыс телефоны:
    8 777 327 98 06

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қызылжар ауданының әкімдігі" жаңалықтары