Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті·Жаңалықтар мұрағаты

Дұрыс таңдалған мектеп сөмкесі баланың арқасына түсетін жүктемені азайтып, дене қалпының дұрыс сақталуына ықпал етеді. Сатып алу кезінде оның салмағына, өлшеміне, конструкциясына, материалдарының сапасы мен қауіпсіздігіне назар аудару маңызды.









