Қазақстанда 245-ші «Ауыл құтқарушылары» өртке қарсы құралымы ашылды

    Қазақстанда 245-ші «Ауыл құтқарушылары» өртке қарсы құралымы ашылды

    Қарағанды облысы Абай ауданының Самарка ауылында 245-ші «Ауыл құтқарушылары» өртке қарсы құралымы ашылды. Өрт сөндіру бекеті Самарка ауылы мен 800 тұрғыны бар Огородное ауылының тұрғындарын өрттен қорғауды қамтамасыз етеді.

    Жаңа бекет жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен салынды. Өрт сөндіру бекетінде жеке құрамның қызмет атқаруына барлық қажетті жағдай жасалған. Нысан ТЖМ ұсынған өрт сөндіру техникасымен, байланыс құралдарымен, өрт-техникалық жарақтармен және жауынгерлік киіммен толық жабдықталған. Бұл оқиға орнына жету уақытын едәуір қысқартып, өрттер мен басқа да төтенше жағдайларға ден қою тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

    Жаңа өртке қарсы құралымның ашылуы ауылдық елді мекендердегі өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыруға және жедел ден қою жүйесін нығайтуға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі" жаңалықтары