Әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне құжаттар қабылдау

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне құжаттар қабылдау

    🔔Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы 2026 жылдың 1-15 қыркүйек аралығында Әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне құжаттарды қабылдау өтетіндігін хабарлайды!
    📌Әлеуметтік кәсіпкерлік – бұл әлеуметтік мәселелерді шешуге немесе жұмсартуға бағытталған кәсіпкерлік қызмет. Әлеуметтік кәсіпкерліктің экономика құбылысы ретіндегі заманауи даму тарихы шамамен 50 жылды қамтиды. Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту саласындағы көшбасшылар: АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Израиль.
    🔺Ұйымдарды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызудың критерийлері:
    1-ші санат - заңмен қарастырылған, халықтың әлеуметтік осал топтарының 9 санатының жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету (қызметкерлердің санынан кемінде 50%, еңбекақыны төлеу қорының шығындар үлесі кемінде 25%);
    2-ші санат - халықтың әлеуметтік осал топтарының 9 санатымен өндірілген тауарлар мен қызметтердің сатылуына жәрдемдесу (кірістердің үлесі жалпы кірістен кемінде 50%);
    3-ші санат - 1) тыныс-тіршілігіндегі шектеулерді еңсеруге немесе орнын толтыруға мүмкіндік беру мақсатында мүгедектігі бар адамдар үшін, 2) басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасау мақсатында халықтың әлеуметтік осал топтарының 9 санаты үшін тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету (кірістердің үлесі жалпы кірістен кемінде 50%);
    4-ші санат - қоғамға пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған қызметтерді жүзеге асыру;
    📍Құжаттар қабылданатын жер: Тараз қ., Желтоқсан көшесі, 78, 2 қабат.
    Мүмкіндіктерді жіберіп алмаңыз! Еліміздің болашағына үлес қосып, әлеуметтік мәселелерді шешуге бірге атсалысайық.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары