
📢 Жамбыл облысы кәсіпкерлерінің назарына!
📌 Конкурсты ұйымдастырушы:
Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы
📍 Мекен-жайы:
Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, №78, 2 қабат, 229-кабинет
📧 Электрондық пошта:
[email protected]
☎️ Байланыс телефондары:
8 (7262) 45-10-17
8 (7262) 54-36-20
Конкурстың нысанасы:
«Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру» – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне, сондай-ақ «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру.
Бір кәсіпкер үшін мемлекеттік грант сомасы – 5 (бес) млн теңгеге дейін.
Байқау түрі: Ашық конкурс.
💻 Конкурсқа қатысу үшін өтінім берілетін жер:
Үкіметтік «Kezekte.kz» электрондық веб-порталы арқылы.
📄 Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі:
Өтінімдерді қабылдау кәсіпкердің тіркелген жері (заңды мекенжайы) бойынша жүзеге асырылады. Өтінім және конкурстық құжаттаманың толық пакеті Үкіметтік «Kezekte.kz» веб-порталы арқылы бекітілген электрондық нысанда ұсынылады.
🗓️ Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі:
2026 жылғы 1 қазаннан 8 қазанға дейін, жұмыс күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін (жергілікті уақыт).
Өтінімдерді берудің басталу күні мен уақыты:
2026 жылғы 1 қазан, сағат 10:00-ден бастап.
Өтінімдерді берудің аяқталу күні мен уақыты:
2026 жылғы 8 қазан, сағат 18:00-ге дейін.
❗️Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.







