Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы 2026жылға арналған«Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшінмемлекеттік грант беру» бойыншаіске асыруға мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурстық іріктеудің аяқталғанын хабарлайды.
🔶Құжаттарды қабылдау, конкурстық комиссия мүшелерімен қарау және дауыс беру Kezekte.kz веб-порталы арқылы үшінші жыл жүзеге асырылып отыр. Жеңімпаздар комиссияның барлық мүшелерінің дауыстарын санау нәтижелері бойынша автоматты түрде анықталды, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға мүмкіндік берді.
🔶Барлығы 17 кәсіпер грантқа қатысуға 43 өтінім берді. 43 өтінімнің 5-ы кәсіпкерлер тарапынан қайтарып алынды, 25 жоба дұрыс емес мәліметтер ұсынылғанына байланысты кері қайтарылды, соның ішінде 13 қабылданған жобалар (5-өңдеу өнеркәсібі, 5-білім саласы, 2-ауыл шаруашылығы,1-көтерме және бөлшек сауда, конкурстық комиссияның назарына ұсынылып, дауыс беру нәтижелері бойынша 4 жоба жеңімпаз анықталды:
1.«Атханова» ЖК - ЭҚЖК бойынша экономика секторы « Макарон өнімдерін өндіру », іске асыру орны – Т. Рысқұлов ауданы;
2.«Сурамбаева Шолпан Тлеубаевна» ЖК , ЭҚЖК бойынша экономика секторы «Ерекше «Қажеттіліктері бар балаларға арналған сенсорлық және терапевтік бұйымдар өндіру»іске асыру орны–Тараз каласы ;
3.«Балжан» ЖК , ЭҚЖК бойынша экономика секторы « Ара шаруашылығын дамыту, ара шаруашылығы өнімдерін өндіруге арналған жабдықтарды сатып алу » іске асыру орны – Қордай ауданы;
4.«Корнаухов Алексей» ЖК , ЭҚЖК бойынша экономика секторы «Ірімшік өндіру», іске асыру орны – Тараз қаласы;
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің «Экономика және бизнес» факультетінің деканы, PhD докторы Қуатбеков Жарас Алпысбайұлы бастаған конкурстық комиссияның және комиссия мүшелерінің белгіленген ережелерге сәйкес қатаң түрде конкурстық іріктеуден өткені үшін алғысымызды білдіреміз:
✔️Абдыбаев Еркін Датқабекұлы
✔️Тулекова Салтанат Тайырқызы
✔️Жапарова Әсел Әбілханқызы
✔️Бекжан Абзалбекұлы
✔️Сәрсенғалиев Болатбек Рысбекұлы
✔️Ертаева Жанат Әкебайқызы
✔️Боташева Индира Махмудқызы
✔️Абжанова Шолпан Асқарбекқызы








