🇰🇿Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!
Республика күніне орай 2026 жылғы 17–27 қазан аралығында Тараз қаласындағы сауда үйлері мен сауда орталықтарында «Republic Day» акциясы ұйымдастырылады. Сонымен қатар, мереке қарсаңында «Bereke Fest» акциясы аясында да бірқатар сауда нысандарында жеңілдіктер ұсынылады.
«Republic Day» акциясы аясында 10 күн бойы бірқатар тауарларға 10%-дан 30%-ға дейін жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтқанда, «MART» сауда орталығындағы Koton, DeFacto, Waikiki, H&M, Kimex, MSQ, Ostin, Sinsay және басқа да бутиктерде ерлер, әйелдер және балалар киімдері мен аяқ киімдеріне жеңілдіктер ұсынылады.
Сонымен қатар, мереке аясында бірқатар мәдени іс-шаралар мен қолөнер бұйымдарының көрме-жәрмеңкелері ұйымдастырылып, келушілерге қолөнер туындыларын сатып алуға мүмкіндік беріледі.
Bereke Fest» акциясы аясында төрт сауда желісіне қарасты 10 сауда нысаны қатысады. Сауда желілері тарапынан азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарларға 5%-дан 30%-ға дейін жеңілдіктер қарастырылған.
Екі акция да қала тұрғындары мен қонақтарына ұсынылған жеңілдіктерді пайдаланып, тиімді сауда жасауға, сондай-ақ мерекелік іс-шараларға қатысуға мүмкіндік береді.
🤝Баршаңызды «Republic Day» және «Bereke Fest» акцияларына қатысуға шақырамыз!









