Мемлекеттік қызметке іріктеу бағыты бойынша 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызмет қорытындылары

    Мемлекеттік қызметке іріктеу бағыты бойынша 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызмет қорытындылары

    2023 жылдан бастап кезең-кезеңімен енгізу арқылы мемлекеттік қызмет саласына қатысты кадрлық процестер цифрлық форматқа көшірілді.

    Атап айтқанда, мемлекеттік қызметке іріктеу және қабылдау процесін толық цифрландыруды, барлық конкурстық рәсімдердің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ететін «eqyzmet.gov.kz» жүйесінің сыртқы порталы әзірленді. Бос лауазымды таңдау және конкурсқа қатысуға өтінім беруден бастап лауазымға тағайындауға дейінгі барлық процестер толық автоматтандырылған және «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады.

    2025 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа цифрлық іріктеу бүкіл мемлекеттік аппаратты қамтыды.

    Цифрлық іріктеу кандидаттар арасындағы бәсекелестікті арттырды. 2025 жылы бір бос орынға орта есеппен 6-7 кандидаттан келеді. Бұл дәстүрлі іріктеумен салыстырғанда 4 есеге көп.

    2026 жылғы I жартыжылдық қорытындысы бойынша 10 607 бос мемлекеттік лауазымға 73 211 кандидат қатысып, 8 398 кандидат жеңімпаз деп танылды.

    Сонымен қатар, жаңа жүйе конкурстық рәсімдердің мерзімін қысқартты: мемлекеттік орган бос лауазымды 5–7 жұмыс күні ішінде толтыра алады. Бұған дейін бұл процесс 23–30 жұмыс күнін алатын.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі" жаңалықтары