Маңғыстау облысының әлеуметтік нысандары алдағы жылыту маусымына дайын

    Маңғыстау облысының әлеуметтік нысандары алдағы жылыту маусымына дайын

    Маңғыстау облысында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындау бойынша кешенді жұмыстар жалғасуда. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге 55 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған. Бұл ретте білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік сала нысандарының дайындығы 100%-ға жетті. Бұл туралы Үкімет отырысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай мәлімдеді.

    МАЭК-тің жөндеу жұмыстары аясында (жылу электр орталығы – 1,2) 3 турбина және 4 қазандықты күрделі жөндеуге 2 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі таңда 3 қазандықтың жөндеу жұмыстары толық аяқталды. 1 турбина бойынша жөндеу жұмыстары аяқталу сатысында, қалған 1 қазандық пен 2 турбина бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

    МРЭК-тің тарапынан 536 шақырым электр желілерін жөндеуге 538 млн теңге бөлінді, сондай-ақ инвестициялық бағдарлама аясында жалпы сомасы 7 млрд теңгеге 7 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

    Бүгінгі таңда жоспарланған 11,4 шақырым жылу желілерінің 7,2 шақырым жөнделіп, орындалуы 64%-ды құрады.

    Жылыту маусымына 321 білім беру нысаны, 105 денсаулық сақтау нысаны, 115 әлеуметтік сала нысаны және тұрғын үй қорының 97%-ы дайындалды.

    Өңір толықтай газбен қамтамасыз етілгендіктен, көмірге деген қажеттілік жоқ. Энергия көздерінің мазут шаруашылығы резервуарларында нормативтік 25 мың тоннаға қарсы 26 мың тонна көлемінде апаттық отын қоры қалыптастырылған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының әкімдігі" жаңалықтары