«Торпедо» екінші жыл қатарынан Қазақстан Кубогының иегері атанды

    «Торпедо» екінші жыл қатарынан Қазақстан Кубогының иегері атанды

    Финалда «Сарыарқаны» 8:2 есебімен жеңген өскемендік команда екінші жыл қатарынан турнирдің басты жүлдесін қанжығасына байлады.

    Финал тартысты, эмоцияға толы әрі нәтижелі өтті. Сегіз шайба соққан «Торпедо» қарсыласқа дес бермей, айқын жеңіске жетті!

    Бұл жеңіс осы жексенбіде қала күнін атап өтіп жатқан ШҚО орталығы – Өскеменге тамаша тарту болды. Қазақстанның хоккей астанасы үшін бұдан асқан сый жоқ: жеңіс, кубок және жергілікті команданың жеңісті шеруі!

    Осылайша, «Торпедо» Қазақстан Кубогын сегіз рет жеңіп алған команда атанды! Команданы, жаттықтырушылар штабын және барша жанкүйерлерді жеңіспен құттықтаймыз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары