Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары күшейтілді

    Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары күшейтілді

    Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Маңғыстау облысында «Назар аударыңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

    Іс-шара барысында полиция қызметкерлері жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарды күшейтті. Негізгі назар кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық орындарында және тұрғын үйден тыс жерлерде болу фактілерін анықтауға аударылуда.

    Жедел-профилактикалық іс-шара басталғалы бері түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрген жасөспірімдерге қатысты 130-дан астам әкімшілік хаттама толтырылды.

    Сонымен қатар полиция қызметкерлері ата-аналармен және заңды өкілдермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын ескертуде.

    Полиция ата-аналарды балалардың бос уақытын бақылауға, олардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруіне жол бермеуге және қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.

    Профилактикалық іс-шаралар барысында заң талаптарын бұзған тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

    https://www.instagram.com/reel/Dcbp_zhqrBi/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары