ШҚО өзендерінде су деңгейінің көтерілуі күтіледі

    ШҚО өзендерінде су деңгейінің көтерілуі күтіледі

    «Қазгидромет» РМК ШҚО филиалының мәліметінше, 25-27 тамыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында қатты жаңбыр жаууына байланысты беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

    – Осыған байланысты тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтау, өзен арналарына, жыраларға, сай-салаларға және басқа да су айдындарына жақын жерлерде болмау, су ағындарынан жаяу өтпеу және көлікпен жүріп өтпеу, арықтарды, каналдарды және су бұру құрылыстарын қоқыспен бітемеу, ал қоқыс пен бөгеттер болған жағдайда оларды уақтылы тазарту қажет. Төтенше жағдай туындағанда «112» нөміріне қоңырау шалыңыз, - деді ШҚО ТЖД-да.

    ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін қауіпті және сел қауіпті учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізді. Сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді.

    Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану табылған жоқ, қазір аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істейді. Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары