Ақтауда сайлау учаскелерінде концерттік бағдарлама ұсынылды

    Ақтауда сайлау учаскелерінде концерттік бағдарлама ұсынылды

    Ақтау қаласындағы бірқатар сайлау учаскелерінде дауыс берушілерге арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылуда.

    Шара аясында үрмелі аспаптар оркестрі өнер көрсетіп, сайлаушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлауда.

    Музыкалық бағдарлама тұрғындардың қызығушылығын арттырып, сайлау күнінің мазмұнын толықтыра түсті. Дауыс беруге келген қала тұрғындары өнерпаздардың өнерін тамашалап, жағымды көңіл күймен өз таңдауын жасауда.

    - Дауыс беруге жанұямызбен келдік. Жәрмеңкемен қатар концерттік бағдарламамар ұсынылып жатыр. Өте ризамыз, — деді қала тұрғыны Гүлзира Әбдіқайымова.

    Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары