Абай ауданында 16 мектеп пен балабақша жаңғыртылуда

    Абай ауданында 16 мектеп пен балабақша жаңғыртылуда

    Абай ауданында жаңа оқу жылына дайындық аясында 16 мектеп пен балабақшада жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Білім беру нысандарында инженерлік желілер мен ішкі бөлмелер жаңартылып, ғимараттардың қасбеттері, терезелері мен есіктері жөнделуде. Сондай-ақ аумақтар абаттандырылып, спорт және ойын алаңдары орнатылуда.

    Абай ауданында 16 мектеп пен балабақша жаңғыртылуда

    Абай ауданына жұмыс сапары барысында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Юбилейное ауылына барып, жергілікті мектептегі күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

    Мектеп ғимаратының пайдалануға берілгеніне 55 жыл болған. Оны қайта жаңғырту жұмыстары былтыр басталып, бірнеше кезеңге жоспарланған.

    Білім ордасында едендер, сумен жабдықтау және кәріз жүйелері ауыстырылып, желдету мен электр желілері жаңартылған. Сондай-ақ блокты жылу пункті орнатылды. Қазандық жөнделіп, өрт дабылы жаңартылды, сыртқы жылу және электрмен жабдықтау желілері тартылды. Сонымен қатар мектеп аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

    Абай ауданында 16 мектеп пен балабақша жаңғыртылуда

    Өңір басшысына жаңартылған екінші қабат көрсетілді. Мұнда оқу кабинеттері, фойе, баспалдақ алаңдары және басқа да бөлмелер жөндеуден өткен. Биылға жоспарланған негізгі жұмыстардың басым бөлігі аяқталуға жақын.

    Абай ауданында 16 мектеп пен балабақша жаңғыртылуда

    Жаңа оқу жылында мектеп оқушылары мен мұғалімдері жүргізілген өзгерістердің нәтижесін көре алады. Қазір «Юбилейная» мектебінде 136 бала білім алады. Бұдан бөлек, білім беру ұйымы жанындағы шағын орталыққа 20 тәрбиеленуші барады. Мұнда 26 педагог және 21 техникалық қызметкер жұмыс істейді.

    Абай ауданында 16 мектеп пен балабақша жаңғыртылуда

    — Бұл мектепте алғаш рет күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұған дейін мұнда тек ағымдағы жөндеу жұмыстары ғана жүргізілген. Алдағы уақытта мектепке жаңа жиһаздар да сатып алу жоспарланып отыр. Қазір акт залында да өзгерістер жасалуда. Мұнда заманауи амфитеатр пайда болады, — деді Абай ауданы білім бөлімінің басшысы Замзагүл Ахмедия.

    Абай ауданында 16 мектеп пен балабақша жаңғыртылуда

    Жөндеу жұмыстары келесі жылы да жалғасады. Ол кезде бірінші қабат, асхана мен тамақ дайындау блогы, сондай-ақ кіреберіс тобы жөнделеді. Нәтижесінде 1971 жылы салынған мектеп ғимаратының барлық бөлігі кешенді жаңғыртудан өтеді.

    Абай ауданында Вольный кентіндегі 1965 жылы салынған тағы бір мектеп күрделі жөндеуден өтті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары