«Еңбек – Ел мұраты» форумында үш ақмолалық мемлекеттік наградалармен марапатталды

    «Еңбек – Ел мұраты» форумында үш ақмолалық мемлекеттік наградалармен марапатталды

    Ақмола облысының өнеркәсіп саласында еңбек етіп жүрген үш маман көп жылғы адал еңбегі мен ел экономикасының дамуына қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды. Қазақстан Республикасы Президентінің атынан мемлекеттік наградаларды Премьер-министр Олжас Бектенов Астанада өткен Еңбек күніне арналған «Еңбек – Ел мұраты» республикалық форумында табыстады.

    Марапат иелері қатарында Степногорск, Атбасар қалалары мен Биржан сал ауданынан шыққан, еңбек жолын өндіріс саласына арнаған мамандар бар. Олардың еңбек өтілі 33 жылдан 43 жылға дейін жетеді.

    «Құрмет» орденімен «Степногорск подшипник зауыты» АҚ-ның станокшысы Константин Башкиров марапатталды. Оның жалпы еңбек өтілі – 43 жыл.

    Сондай-ақ «Құрмет» ордені «Семізбай-U» ЖШС «Семізбай» кенішінің слесарі Оралбай Қусаиновқа берілді. Ол осы салада 33 жылдан бері еңбек етіп келеді.

    Ал «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Қамқор Локомотив» ЖШС-нің «Атбасар электровоз жөндеу зауыты» филиалының токарі Есен Сұлтанов марапатталды. Оның жалпы еңбек өтілі – 40 жыл.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының әкімдігі" жаңалықтары