Орал қаласында көрнекі жарнаманы және жарнамалық конструкцияларды орналастыру кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау қажеттігін еске саламыз.

    Орал қаласында көрнекі жарнаманы және жарнамалық конструкцияларды орналастыру кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау қажеттігін еске саламыз.

    Жарнамалық конструкцияны орнатпас бұрын оның орналасуына қажетті келісімдер мен құжаттарды рәсімдеп, жарнаманың қала сәулетіне және ғимараттардың сәулеттік келбетіне қойылатын талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету қажет.

    Мониторинг барысында қажетті рұқсаттар мен келісімдерсіз орналастырылған заңсыз жарнамалық конструкциялар анықталуда. Анықталған бұзушылықтар бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады.

    Кәсіпкерлерді жарнамалық конструкцияларды орнатпас бұрын қажетті құжаттарды алдын ала рәсімдеуге және белгіленген талаптарды сақтауға шақырамыз.

    Заң талаптарын сақтау — қаламыздың сәулеттік келбетін және қолайлы қалалық ортаны қалыптастыруға қосқан үлесіміз.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Орал қаласының әкімдігі" жаңалықтары