Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

    Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

    Қала күніне орай Орал қалалық кітапханалар жүйесі сіздерді ерекше көше акциясы – либмобқа шақырады!
    ​Акциямыздың мақсаты – сүйікті қаламыздың бай тарихы мен әдеби мұрасын насихаттау, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру.
    ​Бағдарламада:
    ​«Тарихы терең – Оралым» – қала тарихы туралы танымдық ақпараттар;
    ​«Оралды қаншалықты білесіз?» – қызықты блиц-сұрақтар мен викториналар;
    ​«Менің Оралым» – тұрғындардың естеліктері мен ыстық лебіздері;
    ​«Кітаптағы Орал» – өлкетану бағытындағы кітаптар көрмесі;
    ​«Оралға тілегім» – қаламызға арналған ақ тілектер бұрышы;
    ​Естелік фотосессия.
    ​🗓 Күні: 9 қыркүйек
    ⏰ Уақыты: 14:00
    📍 Өтетін орны: Сырым Датов ескерткіші алаңы
    ​Баршаңызды мерекелік іс-шарамызда күтеміз! Бірге өлке тарихын жаңғыртып, тамаша әсер алайық!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Орал қаласының әкімдігі" жаңалықтары